​Байзақованың қолынан сусын ішкен жігіттер елдің ашуын тудырды (видео)

0
2 046

Бейнежазбада Байзақоваға ұқсайтын бойжеткен үстел үстіне шығып отырып алып біртіндеп келіп жатқан жігіттердің аузына бөтелкедегі сусынды құяды. Бұл бейнежазба инстаграм желісіне astana.zello аккаутынмен салынған.


​Байзақованың қолынан сусын ішкен жігіттер елдің ашуын тудырды (видео)

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде «Байзақоваға базар жоқ» деген сөзбен тараған видео көптің ашуын тудырды.

Бейнежазбада Байзақоваға ұқсайтын бойжеткен үстел үстіне шығып отырып алып біртіндеп келіп жатқан жігіттердің аузына бөтелкедегі сусынды құяды. Бұл бейнежазба инстаграм желісіне astana.zello аккаутынмен салынған.

Көптің талқысына түскен бейнежазбаға пікірін айтқан қолданушылар ондағы жігіттердің қылығына ашуланған.

«Ішіп жатқан еркектерде ұят жоқ!», «Мұхтар Шаханов атамызды қаралап жүрген зиялы қауым өкілдері, неге осы жастарды улап жүрген Байзақова дегенге қарсы шықпайды екен?!», «Ақымақ еркектер», «Не деген сұмдық! Жігіттерде намыс жоқ!», «Еркек десем, барлық қазақтың еркектеріне тиеді. Дегенмен мына еркектердің істеп жатқаны не? Қолындағы бөтелкені жұлып алып басын жармай ма?», «Осыны тоқтататын бір қазақ болмағаны ма?» деп ашуланды көпшілік.

Арасында «Ауылдағы қозыларға сүт беріп жатқандай ғой», «Итке су беріп жатыр» дегендер де болды.

Видео әлеуметтік желіден алынды