"Бейбітшілік және Келісім сарайының" басшылары сотталды

0
637

Сот үкімі заңды күшіне енді.


ERNUR.KZ. Жедел-тергеу іс-шаралары нәтижесінде ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Бейбітшілік және Келісім Сарайы" Мемлекеттік коммуналды қазыналық кәсіпорынында (МКҚК) жұмыс істейтін лауазымды тұлғалардың қылмыстық әрекеті әшкереленді, деп жазады zakon.kz.

Аталған лауазымды тұлғалар 2017 жылдың қазан мен желтоқсан айлары аралығында тауарларды көтеріңкі бағамен заңсыз мемлекеттік сатып алу арқылы мемлекетке МКҚК атынан аса ірі көлемде залал келтірген.

Осылайша, тергеу барысында МКҚК лауазымды тұлғаларына үлестес мемлекеттік сатып алуға қатысты жасанды тұлғаға рәсімделген "Astana art creative group" ЖШС анықталды.

Тергеу органдарының сотқа дейінгі тергеу нәтижелері бойынша МКҚК бас директоры мен оның орынбасары және бөлім жетекшісінің әрекеттері ҚР ҚК 189 бабының 3 б., 2 т. мен 4 б., 2 т. бойынша сараланды.

Көрсетілген қылмыс үшін ҚР ҚК 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

2020 жылдың 30 наурызында. Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының №2 соты үкімімен МКҚК бас директоры 8 жылға бас бостандығынан, оның орынбасары (оның әрекеттері ҚР ҚК 361 бабының 4 б., 1 т. сараланды) 3,6 жылға бас бостандығынан, бөлім жетекшісі 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

2020 жылдың 15 маусымында Нұр-Сұлтан қаласының апелляциялық соты инстанциясымен айыпталушыларға қатысты үкім өзгеріссіз қалдырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.