Bek Air әуе компаниясының барлық рейстері тоқтатылды

0
775

Барлық бағытқа қарай ұшу 12 сағатқа тоқтатылды.


Bek Air әуе компаниясының барлық рейстері тоқтатылды

ERNUR.KZ. Алматыда Bek Air әуекомпаниясының ұшағы құлады. Әуе компаниясының өкілдері барлық рейстердің ұшуын тоқтатып қойды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Барлық бағытқа қарай ұшу 12 сағатқа тоқтатылғаны хабарланды. Bek Air қызметкерлері болған оқиғаның себебін анықтамақ.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңда Алматыдан елордаға ұшып шыққан Bek Air ұшағы биіктік жоғалтып, әуежайдан шыға ұшып шыққан бетте құлағаны хабарланған еді.

Сонымен қатар, Төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, тоғыз адам қаза тапқан. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқае кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланатынын айтты.