"Бек Эйрдің" апелляциялық шағымы орындалмады

0
676

909 тұтынушы әуе билетіне жұмсаған 54,2 млн теңгесін қайтарып алатын болды.


ERNUR.KZ. Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының қорытынды отырысы өтіп, бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалды, деп жазады inbusiness.kz.

Еске салсақ, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті 2020 жылғы 21 ақпанда 54,2 млн теңге сомасына билет сатып алған 909 тұтынушының мүдделеріне өкілдік етіп, талап арыз түсірген болатын. Істі қараған Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты 17 маусымда комитеттің талап-арызын қанағаттандырған. Бірақ «Бек Эйр» АҚ 15 шілдеде аталмыш шешімге апелляциялық шағым берген. Әуе компаниясының бұл шағымы қанағаттандырылмады. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті мен «Бек Эйр» арасында бұдан басқа тағы екі іс қаралып жатыр.


«Алматы қалалық сотының апелляциялық сот алқасында «Бек Эйр» АҚ-ға ТҚҚК-нің екінші талабы бойынша апелляциялық шағымы қаралып жатқанын хабарлаймыз. Кезекті отырыс 2020 жылғы 21 қазанына сағат 12:40-қа белгіленді. «Бек Эйр» АҚ қатысты ТҚҚК-нің үшінші талабын Алматы қаласының Түрксіб аудандық соты қарауда. Мұнда комитеттің талап сомасы 33,8 млн теңгені құрайтын 535 тұтынушының мүддесіне байланысты. Кезекті сот отырысы 2020 жылғы 28 қазанына сағат 15:00-ге белгіленді», – деп жазылған хабарламада.