Бекшин: Қоғамдық көлікте адам көп болса, оған отырмаңыздар

0
691

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 6 440-қа жетті.


 Бекшин: Қоғамдық көлікте адам көп болса, оған отырмаңыздар

ERNUR.KZ. Алматы қаласы бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин тұрғындарға қоғамдық көлікте адам көп болса, оған отырмауға кеңес берді, деп жазады тengrinews.kz.

Оның айтуынша қоғамдық көліктер талапты орындамай отыр.

"Оны байқап отырмыз. Қалада "Оңай" электронды карта жүйесі енгізілген. Қоғамдық көлікте кондукторлар жоқ. Жүргізушілердің жұмысы қиындады. Сондықтан біз қала тұрғандары мен жолаушыларды бұл мәселеге назар ауруды сұраймыз. Қоғамдық көлікте адам көп болса, оған отырмаңыздар. Тек автобуста отыруға арналған қанша орын болса, сонша жолаушыға кіруге болады. Бұл мәселеге назар аударыңыздаршы", - деді ол қалалық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Жандарбек Бекшин алматылықтарға карантин талабын қатаң сақтау керегін атап өтті.

Айта кетейік, Алматыда 1 848 адам коронавирус жұқтырған.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 6 440-қа жетті. 3 256 науқас айықты, 34 адам көз жұмды.