Белгілі ғалым Құбығұл Жарықбаев өмірден өтті

0
532

Бұл туралы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия кафедрасы Ғacebook парақшасында жазды.


Белгілі ғалым Құбығұл Жарықбаев өмірден өтті

ERNUR.KZ. Педагогика және психология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері Құбығұл Бозайұлы Жарықбаев дүние салды, деп жазады kazinform.

Бұл туралы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия кафедрасы Ғacebook парақшасында жазды.

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультеті, философия кафедрасының ұжымы педагогика және психология ғылымының докторы, профессор, ҚР Еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, отандық психология ғылымының құлабызы, философтардың да жаңа буынын қалыптастырып, Фарабитануға зор үлес қосқан ғалым Құбығұл Бозайұлы Жарықбаевтың өмірден өтуіне байланысты ұл-қыздарына, туған-туыс бауырларына, жақындарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын!», - деп жазылған желіде.

Құбығұл Бозайұлы 1929 жылы Ақтөбе облысы Алға ауданы Көкбұлақ ауылында дүниеге келген. 1946 жылы Ақтөбе мұғалімдер институтын және 1951 жылы ҚазМУ-ді бітірген. 1951-1958 жылдар аралығында Қызылорда педагогикалық институтында ассистент, 1958-1977 жылдар аралығында Шымкент педагогикалық институтында аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, 1977-1987 жылдары ҚазМУ-де доцент, кафедра меңгерушісі болды. 1987 жылдан ҚазҰУ-де профессор, 1998 жылдан этнопедагогика және этнопсихология орталығының директоры қызметтерін атқарды.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты: Қазақстандагы психологиялық және педагогикалық ой-пікірлердің даму тарихы, этнопсихология мәселелері. Ол Алаш қайраткерлерінің психологиялық және педагогикалық мұралары жөнінде бірқатар ғылыми еңбектер жазған.