Белгілі қазақстандық дизайнер қайтыс болды

0
1 891

Суыт хабарды өнер адамдары әлеуметтік желіде бөлісті. Дизайнердің коронавирустан көз жұмғаны айтылып отыр.


Белгілі қазақстандық дизайнер қайтыс болды

ERNUR.KZ. Белгілі қазақстандық дизайнер Берік Ысмайылов қайтыс болды. Суыт хабарды өнер адамдары әлеуметтік желіде бөлісті, деп жазады sputniknews.kz.

"Коронавирус елімізге қауіп төндірген алғашқы күннен-ақ тегін маска тігіп,таратып, бүкіл шәкірттерін сол жұмысқа жұмылдырған патриот, тамаша дизайнер, елгезек жан Берік Исмаилов ағамызды да сұм ажал, беті жаман індет арамыздан алып кетті",- деп жазды Дана Нұржігіт.





"Бұл фәни жалғанда, сіздің енді жоқ екеніңізге қалай сенейін....", -деп жазды Меруерт Түсіпбаева.
Берік Ысмайылов 1962 жылы 15 наурызда Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Модельер-конструктор, халықаралық дизайнерлер қауымдастығының мүшесі, "Берік Ысмайылов" авторлық сән салонының директоры. Омбы политехникалық институтының, Мәскеудегі Любовь Красникова — Аксенева авторлық мектебінің түлегі.