Белгілі журналист АШМ-нің баспасөз хатшысы болып тағайындалды

0
866

Ол бұған дейін "QazAvtoJol" Ұлттық компаниясы" АҚ-ның баспасөз қызметінің жетекшісі болып жұмыс атқарды.


Белгілі журналист АШМ-нің баспасөз хатшысы болып тағайындалды

ERNUR.KZ. Белгілі журналист, тележүргізуші Жанжігіт Омарxан ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды, деп жазады zakon.kz.

Жанжігіт Абзалбекұлы журналистика, құқықтану, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтарының бакалавры, журналистика мамандығы бойынша Әлеуметтік ғылымдар магистрі.

БАҚ саласында еңбек жолын 2009 жылы "Астана" телеарнасы бағдарламалар қызметінің тілшісі ретінде бастаған.

2010-2011 ж.ж. "Астана" телеарнасындағы "Қайырлы таң", "Қауіпсіз жол" бағдарламаларының тележүргізушісі;

2011-2015 ж.ж. "Qazaqstan" ұлттық арнасында "Иман айнасы" бағдарламасының жүргізушісі;

2015-2016 ж.ж. "Еуразия бірінші" телеарнасының "Ашығын айтқанда" ток-шоуының жүргізушісі;

2016-2018 жылдары "Астана" телеарнасындағы "Өзекті" тележобасының авторы және жүргізушісі;

2018-2019 ж.ж. Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы "Өңірлік коммуникациялар қызметі" КММ басшысы;

2019 жылдың сәуір айынан бүгінге дейін "QazAvtoJol" Ұлттық компаниясы" АҚ-ның Баспасөз қызметінің жетекшісі болып жұмыс атқарды.