"Бері кел": Назарбаев Смайыловқа бола барлық министрді орындарынан жылжытты

0
1 099

Президентке қаржы министрінің шетте отырғаны ұнамай қалды


ERNUR.KZ. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев барлық министрді орындарынан ығыстырып, қаржы министрі Әлихан Смайыловқа орын тауып берді, деп жазады Sputnik.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаевқа қаржы министрінің шетте отырғаны ұнамады. Президент барлық министрді орындарынан ығыстырып, Әлихан Смайыловқа орын тауып берді.

"Қаржы министрі ең шетте отырмауы керек. Оның орны – вице-премьерден кейін. Қаржы министрі әдетте премьер-министрдің орынбасары. Оны қайда отырғызғаныңды қарашы (үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевқа қарап). Хаттаманы кім толтырады? Орныңнан тұр да, бері кел. Қожамжаровтан бастап барлығың бір орынға жылжыңдар. Міне, оның орны. Біздің осындай қарым-қатынасымыздан, қаржы жағы ақсап тұр", — деді Назарбаев зал отырғандарға.

Айта кетсек, бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында өткен жылда атқарылған жұмыстар қорытындыланып, осы жылға міндеттер айқындалды.