Бес адам ауруханаға түсті: Ақтөбе облысында оқ атқандар ұсталды

0
716

​Ақтөбе облысының полициясы бес адамның жаралануына әкеп соққан қақтығыстың себептерін жария етуден бас тартты.


Бес адам ауруханаға түсті: Ақтөбе облысында оқ атқандар ұсталды

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысының Хромтау қаласында атыс кезінде бес адам жараланды. Оқ атқандар ұсталды, оларға адам өлтіруге оқталды деген айып тағылып отыр, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің ақпаратынша, атыс 20 ақпан, бейсенбіде болған.

"22:10-да Хромтау ауруханасына оқ жарақатын алған бес адам түсті. Тез арада жедел тергеу тобы құрылды. Бір тәулік ішінде үш күдікті ұсталды, олар кінәсін мойындады", - деп мәлімдеді ІІМ-нен.

Қылмыс жасағаннан кейін күдіктілер 16 калибрлі екі аңшы мылтығын Бөгетсай ауылының маңындағы Ор өзенінің көпірінің астына жасырған.

Қазір үшеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қылмыстық кодекстің "Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Екі мылтық пен ресейлік нөмірлі "ВАЗ-2114" автокөлігі тәркіленді. Қажетті сараптамалар жүргізіліп жатыр.

Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі істің мән-жайы тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейтінін айтты.