Бес шаңғышы құлап, алтыншы орындағы спортшы жеңіске жетті (видео)

0
920

Спринтерлік жарыста бұрылыстардың бірінде швециялық бес шаңғышы жүлдеге таласқан


Бес шаңғышы құлап, алтыншы орындағы спортшы жеңіске жетті (видео)

ERNUR.KZ. Швециялық Елливер қаласында маусым алдындағы турнирде көш бастап келе жатқан спортшылар құлап, жүлдеден қағылды, деп жазады Prosports.kz.

Спринтерлік жарыста бұрылыстардың бірінде швециялық бес шаңғышы жүлдеге таласқан. Біреуі күтпеген жерден құлап, жанындағы отандасын да жыққан. Артында келе жатқан тағы үш швед шаңғысы айналып өте алмай, қарға құлаған.

Ал олардан сәл қалып қойған швейцариялық Надин Фандрих құлаған қарсыластарынан айналып өтіп, турнирді жеңіп алды.