Бесінші қабаттан секіріп кеткен қостанайлық бойжеткен аман қалды

0
1 008

Қыздың балконнан не үшін секіріп кеткені анықталып жатыр.


Бесінші қабаттан секіріп кеткен қостанайлық бойжеткен аман қалды

ERNUR.KZ. Қостанай облысында 24 жастағы қыз бесінші қабаттан секіріп кетті, деп жазады ҚазАқпарат.

Ақпаратты облыстық полиция департаменті бастығының БАҚ жөніндегі кеңесшісі Елена Кашарина растады. Оқиға бүгін Қостанай қаласындағы Строительный көшесінде болған.


«Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 24 жастағы қыз бесінші қабаттағы балконнан секіріп кеткен. Ол аман қалды, бірақ, дене жарақаттарымен қалалық ауруханаға түсті. Оның балконнан не үшін секіріп кеткені анықталып жатыр», - деді Е.Кашарина.