Беташарда көрімдікке салынған ақшаны ұрлаймын деп ұятқа қалды (видео)

0
1 749

Ол ортаға қойылған ыдыстан ақшаны ешкімге байқатпастан қалтасына салып алады. Әлбетте, мұны той қонақтарының ешбірі байқамаған. Тек бұл сәтті әлдекім (той операторы болуы мүмкін: автор) видеоға түсіріп алған.


Беташарда көрімдікке салынған ақшаны ұрлаймын деп ұятқа қалды  (видео)

фото: иллюстрация

ERNUR.KZ. Беташарсалты бойынша келіннің иіліп сәлем салғаны үшін ортаға қойылған ыдысқа ақша салу бұрыннан келе жатқан үрдіске айналғаны белгілі. Яғни, беташарға келген қонақтар жаңа түскен келінге көрімдік есебінде қалтасына қарай ақшадан үлестіріп береді. Алайда бұл жолы көрімдік беруден гөрі өзгенің көрімдігін қолды етпек болған ер кісі ұятқа қалды. Ол ортаға қойылған ыдыстан ақшаны ешкімге байқатпастан қалтасына салып алады. Әлбетте, мұны той қонақтарының ешбірі байқамаған. Тек бұл сәтті әлдекім (той операторы болуы мүмкін: автор) видеоға түсіріп алған. Видео желіде тарап, көпшілік ер кісінің бұнысына таң қалды.

«Ұяты жоқ аға екен», «Сұғанақ», «Адамдарда ұят жоқ», «Өмірдің өзі соған алып келген ғой», «Елдерде ұят деген қалмай барады. Ол аз дегендей жас жұбайларға ақшалай сыйлық бердім деп бос конверт ұсынатындарды да көрдік қой», «Үлкен адамдар осылай істесе, жастарға несіне ренжисің? Алла сақтасын», «Онда тұрған ешнәрсе жоқ. Ұрлық деген қанында бар нәрсе ғой», «Қолының сұғанақтығы бар адамдарға қиын. Ұрлық жасағысы келіп тұрады», «Ұят-ай, бетін де видеоға түсіру керек еді. Күллі елге масқара болған соң қоятын шығар бұл әдетін» деп ашуға булыққан желідегілердің бірі «ұрлық» жасаған ер кісінің әрекетін қалжыңға балады. «Бәлкім ірі ақша салып, «сдачасын» алмақ болған шығар», «Енді майда ақша таппаған соң солай жасаған болу керек» деп әзіл аралас пікірін қалдырды желідегілер. Айтпақшы, видео сапасы нашар болғандықтан көрімдік ақшасын қолды еткен ер кісі неше сома қаржыны қалтасына салғанын байқай алмадық. Ақшаны жымқырған азаматтың дене бітіміне қарап оның егде жастағы ер кісі екенін аңғаруға болады.

Видео: желіден алынды