Бибісара Асаубаева әйелдер арасында Азияның үздік шахматшысы атағын жеңіп алды

0
806

Бұған дейін 17 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева блиц бойынша әлем чемпионы атанғаны хабарланған болатын.


Бибісара Асаубаева әйелдер арасында Азияның үздік шахматшысы атағын жеңіп алды

ERNUR.KZ. Халықаралық шахмат федерациясы қазақстандық Бибісара Асаубаеваны 2021 жылдың қорытындысы бойынша әйелдер арасындағы Азияның үздік шахматшысы деп таныды, деп жаздады Tengrinews.kz.

Бибісара бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Кеше марапаттау рәсімі өтті, 15 мәрте әлем чемпионы Вишванатан Ананд маған "әйелдер арасындағы Азияның үздік шахматшысы 2021" марапатын табыс етті. ФИДЕ жұмысымды жоғары бағалағанына рақмет", - деп жазды шахматшы.

Еске салайық, бұған дейін 17 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева блиц бойынша әлем чемпионы атанғаны хабарланған болатын. Кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шахматтан әлем чемпионы атанған Бибісара Асаубаеваны құттықтаған еді. Сондай-ақ, ол Гиннес рекордтар кітабына енді.