Бие сүті бизнеске айналды

0
3 041

Бие сүтінен жасалған диеталық шоколад нарыққа шықты.


Бие сүті бизнеске айналды

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында бие сүтінен жасалған диеталық шоколад өнімі таныстырылған семинар өтті деп хабарлайды Елорда Инфо.

Жаңадан нарыққа шыққан отандық өнімдердің үгіт-нәсихатын күшейтіп, экономикалық маңызы зор жобалардың жолын ашу, шаруашылықты шалқытуға дем беру мақсатында өткізілген бұл шараға «Ғылым қоры»АҚ- басшылары, «ULYTAU» өнімін өндіруші кәспорын жауаптылары, бизнес өкілдері қатысты.

Ұлт жоспарының 64-қадамын жүзеге асыру аясында 2015 жылдың соңында "Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтиежелерін коммерцияландыру туралы" ҚР Заңы қабылданған болатын. Қазіргі таңда 2016, 2017 және 2018 жылдары өткізілген конкурстардың нәтижелері бойынша «Ғылым қоры»АҚ-ның коммерцияландыруы бойынша 153 жоба жүзеге асырылған.

Бие сүтінен жасалған диеталық шоколад та осы жоба аясында нарыққа шыққан өнімдердің бірі. «ULYTAU» деген атпен нарыққа шыққан бұл шоколадтың қазірге дейін 9 түрі өндірілді.

Шоколад «Қазақ тағамтану академиясы ҚҰ» ЖШС-інде өндірлеген. Тәулігіне 50 кг шоколад өндіретін бұл цехта бие сүтінен йогурт, балмұздақ және балалар тағамдарын да өндіреді. Аталған өнімдер құрамында қант мүлдем жоқтығымен және адам денесіне пайдалы дәрумендердің молдығымен ерекшеленеді.

«ULYTAU» шоколадттарының ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінде тіркеуден өткенін, азықтық кенеуінің жоғары екенін алға тартқан мамандар бұл өнім қант диабетіне, семіздікке, жүрек-қантамыр ауыруларына шалдыққан адамдырдың тұтуына бап келетінін айтады. Асқазан - ішек жолдарының қызметін қалыпқа келтіруге, иммунитетті арттыруға және ағзаның витаминдермен, макро-микроэлементтермен қамтамасыз етілуіне де оң ықпал ететін көрінеді.

Бие сүтінен жасалған тағамдар – әлемдік аренадағы жаңа өнім, бұрын бие сүтінен тек қымыз ғана жасалса, Төрегелді Шарманов бастаған мамандарымыз «Ұлытау» зауытын ашып, бие сүтінен неше түрлі өнім өндіруді бастады.