Білім гранты иегерлерінің тізімі белгілі болды

0
4 392

2019 жылдан бастап білім беру гранттары білім бағдарламалары топтары бойынша тағайындалды.


Білім гранты иегерлерінің тізімі белгілі болды

Бүгін, білім беру гранттарына ие болған оқуға түсушілердің аты-жөндері белгілі болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тізімді мына сілтеме арқылы өтіп көруге болады.

Гранттар беру процесі толығымен автоматтандырылған және адами факторды жоққа шығаратын ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылды. Сонымен бірге, мемлекеттік органдардың, "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Ректорлар кеңесінің, бұқаралық ақпарат құралдарының, "Жас Отанның" жастар қанаты, Студенттік альянс, үкіметтік емес ұйымдар және ADAL BILIM жобалық кеңсесінің өкілдері кірген комиссия ҰБТ-ның барлық процестерін өз бақылауына алған.

2019 жылдан бастап білім беру гранттары білім бағдарламалары топтары бойынша тағайындалды. Яғни, әр талапкер жоғары оқу орнына түсу кезінде нақты білім беру бағдарламасын таңдайды.