Білім грантына өтініш тапсыру мерзімі ұзартылды

0
617

Конкурстың нәтижелері 15 тамызға дейін белгілі болады.


Білім грантына өтініш тапсыру мерзімі ұзартылды

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштерді тапсыру мерзімі 30 шілдеге (қоса есептегенде) дейін ұзартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Талапкерлердің өтініштері бойынша БҒМ білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімін 30 шілдеге (қоса есептегенде) дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Грантқа құжаттарды 2 жолмен тапсыруға болады:

eGov арқылы;

жоо-ның виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы (талапкерлердің бейне өтініші бойынша жоо-лардың виртуалды қабылдау комиссияларының қызметкерлері оқуға түсушімен бірге өтінішті толтырады, барлық сұрақтарға жауап береді және қажетті білім беру бағдарламасын таңдауға көмектеседі).

Барлық жоо-лардың тізімі және олармен хабарласу тәсілдері туралы ақпаратты мына сілтеме арқылы жүктеп алуға болады.

Конкурстың нәтижелері 15 тамызға дейін белгілі болады.