Білім министрлігі шетелде оқитын қазақстандықтарға еліміздің ЖОО-рына ауысуға көмектесіп жатыр

0
480

Оқу орнына ауысу туралы өтініш онлайн-режимде қарастырылады.


Білім министрлігі шетелде оқитын қазақстандықтарға еліміздің ЖОО-рына ауысуға көмектесіп жатыр

ERNUR.KZ. ҚР білім және ғылым министрлігі шетелде оқитын қазақстандықтарды еліміздегі оқу орындарына ауыстыру үшін көмектесуде, деп жазады Stan.kz.

Министрліктің хабарлауынша, олар шетелдік жоғары оқу орындарына өз бетінше түсіп, пандемияға байланысты жоғары оқу орындарына оралу проблемасына тап болған қазақстандық студенттерге көмек көрсетуді бастады.

"Шетелдік ЖОО-ның көпшілігі студенттерін қашықтан оқытады. Алайда, кейбір оқу орындарында ондай мүмкіндік қарастырылмаған. Өздеріне байланысты емес себептермен оқуын жалғастыру үшін елден шыға алмайтын студенттерге министрлік отандық жоғары оқу орындарына ауысуға көмектесуге дайын.

Бұл ретте, құжаттарды рәсімдеу форматы жеңілдетіледі. Ол үшін университеттің виртуалды қабылдау комиссиясына жүгіну жеткілікті. Оқу орнына ауысу туралы өтініш онлайн-режимде қарастырылады", - деді министрліктен.

Көмек көрсету үшін білім және ғылым министрлігі жедел желі (74-16-24) іске қосты.