Білім министрлігі ҰБТ-ға қатысты қандай жоспар әзірленіп жатқанын хабарлады

0
786

Білім және ғылым министрлігі елде коронавирусқа байланысты жағдай ушықса, ҰБТ өткізудің жаңа жоспарына көшеді.


Білім министрлігі ҰБТ-ға қатысты қандай жоспар әзірленіп жатқанын хабарлады

ERNUR.KZ. Асхат Аймағамбетов бұған дейін ұлтық бірыңғай тестілеудің әдеттегідей форматта маусым-шілде айларында өткізілетіні хабарланған еді, деп хабарлайды ktk.kz.

Білім және ғылым министрлігі елде коронавирусқа байланысты жағдай ушықса, ҰБТ өткізудің жаңа жоспарына көшеді. Ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов Қазақстанда қашықтықтан оқытуды дамытуға арналған онлайн-конференция кезінде биыл тестілеу әдеттегі мерзімде өткізілетінін айтты. Министр сынаққа дейін карантин аяқталатынына үміттеніп отырғанын жеткізді.

"Ұлттық бірыңғай тестілеу маусым соңы мен шілденің басында өткізіледі. Жылдағыдай форматта өткізуге дайындалып жатырмыз, әрине, бірқатар шектеу шаралары қолданылады. Алайда бұған қарамастан, біз қазір коронавирус пен карантинге байланысты қосымша жоспар да әзірлеп жатырмыз", - деді министр.

Бұған дейін министрлік ұлттық бірыңғай тестілеу жыл сайынғы форматта өтетінін бірнеше мәрте мәлімдеген болатын. Пандемияға байланысты қазақстандық оқушылар төртінші тоқсанды қашықтықтан оқып жатыр. Оқушылардың қорытынды бағасы оқу жылындағы бағаларға сәйкес қойылады, емтихан болмайды.