Білім саласының он үш қызметкері жауапқа тартылды

0
1 111

Оқу мекемелері «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңда көрсетілген жұмыс кестесін де сақтамайтыны белгілі болды


Білім саласының он үш қызметкері жауапқа тартылды

ERNUR.KZ. Облыс орталығындағы кейбір жалпы білім беретін мекемелер оқушылардың құжаттарын қабылдаудың өз тәртібін орнатып алған, деп жазады altaynews.kz.

Кейбір директорлардың «қалалық білім бөліміне кеттім» деген сылтаумен жұмыс орындарында болмайтындары, оларсыз мемлекеттік қызмет көрсетілмейтіні әшкереленді. Сонымен қатар олар қызмет алушылардан файлдар мен құжаттарды тігетін папкаларды талап еткен.

Бұл олқылықтар облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мамандары жүргізген «Жасырын сатып алушы»қоғамдық бақылау шарасы кезінде анықталды.

Мемлекеттік қызметшілердің Этика жөніндегі кеңесінің шешімімен білім саласының он үш қызметкері тәртіптік жауапқа тартылды.

Мысалы, №47 мектепке оқушыны қабылдау үшін ата-анаға екі рет өтініш жазуға тура келеді. Алдымен мектеп директорына баланың құжаттарын қабылдау қызметін көрсету жөніндегі өтінімді қарау туралы өтініш жазылады. Ал №9 мектепте ата-анасының жұмыс орнынан анықтама талап еткен.

Оқу мекемелері «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңда көрсетілген жұмыс кестесін де сақтамайтыны белгілі болды. № 7, № 11, № 26, № 35, № 43 мектептерде құжаттарды 17.00-ге дейін қабылдаса,бірқатар мектептер түстен кейін құжаттарды мүлде қабылдамайды.

Мониторинг кезінде директорлардың «қалалық білім бөліміне кеттім» деген сылтаумен жұмыс орындарында болмайтындары, оларсыз мемлекеттік қызмет көрсетілмейтіні әшкереленді.

№ 10, №26, № 34, № 43, № 44 және №4 жалпы білім беретін мектептерде қызмет алушыларға құжат тапсырмай тұрып, алдымен мектеп директорымен немесе психолог, не оқу ісінің меңгерушісімен әңгімелесу керек деген шарт қойылған.

Ал № 12 мектепке келушілер вахтадан ары қарай өте алмайды. Ата-аналарды вахтадағы кезекші «орын жоқ» деп, осы жерден қайтарып отырған.

«Жасырын сатып алушы» қоғамдық бақылауының нәтижесінде әшкереленген заңбұзушылықтар мемлекеттік қызметшілердің Этика жөніндегі кеңесінде қаралып, білім саласының он үш қызметкері тәртіптік жауапқа тартылды.