Білім және ғылым министрі үш баланы өрттен құтқарған студентті марапаттады

0
995

Білім және ғылым министрі үш баланы өрттен құтқарған студентті заманымыздың нағыз батырына теңеді.


Білім және ғылым министрі үш баланы өрттен құтқарған студентті марапаттады

Білім және ғылым министрі үш баланы өрттен құтқарған студентті марапаттады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

«Өз өмірін тәуекелге тігіп, қиындыққа түскен адамға көмек қолын созуға ұмтылатын жастар мақтауға тұрарлық. Әрине, осындай батыл да ержүрек баланы өсіріп, тәрбиелеген Нұрсұлтанның ата-анасына алғыс айтқымыз келеді. Осындай жігерлі балалардың қалыптасуы барысында мектеп пен білім ордаларындағы ұстаздардың атқаратын рөлі орасан. Біздің ортақ мақсатымыз – өскелең ұрпақтың күшті, жігерлі, батыл болып өсуіне барынша қолымыздан келгенше әрекет ету. Нұрсұлтан сияқты жастар – біздің заманымыздың нағыз батырлары»,- деді Білім және ғылым министрі К.Шәмшидинова.


Естеріңізге сала кетейік, осы оқиғаға қатысты Елордада студент жігіт 3 баланы өрттен құтқарғаны жөнінде жазылған болатын.