Бір ай бұрын жоғалған мемлекеттік қызметкер табылды

0
1 209

Арманның осы уақытқа дейін қайда болғаны белгісіз


Бір ай бұрын жоғалған мемлекеттік қызметкер табылды

ERNUR.KZ. Қарағандылық полицейлер із-түзсіз жоғалып кеткен "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Акционерлік қоғамының қызметкерін тапты, деп жазады nur.kz.

Арман Әлімовке осы жылдың 10 қазанынан бері іздеу салынған еді. Төрт апта бойы оның туыстары мен еріктілер полиция қызметкерлерімен бірге азаматты табуға тырысқан.

Бүгін еріктілер тобы оның дін-аман табылғанын мәлім етті. Ал осынша уақыт не себепті жоғалып кеткені әзірге белгісіз.

"Арман аман-есен табылды. Осы уақытқа дейін қайда болғаны белгісіз. Оны полицейлер іздеп тапты", - дейді еріктілер.

Еске салсақ, осыған дейін Қарағандыда мемлекеттік корпорацияның 29 жастағы қызметкері жоғалып кеткені туралы хабарлаған болатынбыз.

Арман Әлімов жұмыстан шығып таксиге отырғаннан кейін, хабарсыз кеткен.