Бір қазақстандықтың басында бірнеше несиесі болса, қарызы қалай жабылады

0
2 135

Ұлттық банк қай банкте несиелік қарызы көп, соны өтеуді ұсынды.


Бір қазақстандықтың басында бірнеше несиесі болса, қарызы қалай жабылады

ERNUR.KZ. Басында бірнеше несиесі бар қазақстандықтардың 300 мың теңге көлеміндегі қарызы ғана жабылады. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

«Егер адамның бірнеше несиесі болса, бәрібір 300 мың теңге көлеміндегі қарызы өтеледі», - дейді министр.

Ал Ұлттық банк мұндай жағдайда, бірінші кезекте, қай банкте несиелік қарызы көп, соны өтеуді ұсынды.

«Қарыз мөлшерінің көптігіне байланысты өтеуді ұсындық. Теңдей бөлу деген міндет жоқ. Жеке тұлғаның қарыздарының мөлшеріне қараймыз», - дейді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов банктерден несиелер алған бір отбасының мүшелерінің барлығының қарызы жабылатын-жабылмайтыны туралы сұраққа жауап берді.

«Бір отбасында күйеуі де, әйелі де несие алуы мүмкін. Олардың әрқайсысының 300 мың теңге көлеміндегі қарызы өтеледі», - дейді Смайылов.