Бір миллион теңге ұтып алуға болады - Қазақстанда байқау жарияланады

0
821

Елде жаңа байқау жарияланды. Жеңімпаз жобаға бір миллион теңге беріледі. Әрбір өңірде онға жуық бастама іріктеп алынады.


Бір миллион теңге ұтып алуға болады - Қазақстанда байқау жарияланады

ERNUR.KZ. Еріктілер мен ұйымдар игі істер байқауында бір миллион теңге ұтып ала алады. Бұл туралы азаматтық қоғам істері жөніндегі комитет төрайымы Әлия Ғалымова мәлімдеді, деп жазады sputniknews.kz.

Елде "Жаңа бастама" байқауы жарияланады. Ол барлық өңірде өтпек. Онға жуық бастама іріктеліп алынады.

"Волонтерлер мен волонтерлер ұйымына қаржылай қолдау көрсетіледі. Үздік жобаларға бір миллион теңге шамасындағы сома беріледі деп жоспарлап отырмыз. Жұмыс жақын арада басталады", - деді Ғалымова премьер-министрдің баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, волонтерлер тегін жұмыс істеуі керек деген түсінікті жою керек.

"Егер жануарларға арналған орындар туралы айтар болсақ, оларға тамақ керек. Ал іздеумен айналысатын волонтерлер үшін рация, көлік, арнайы киім сынды заттар қажет", - азаматтық қоғам істері жөніндегі комитет төрайымы

Елде "Жылдың үздік еріктісі" премиясы енгізілмек.

Қазақстандағы еріктілер. Елімізде 200-ден астам ұйым волонтерлік қызмет атқарады. Бұл қозғалысқа 50 мыңнан астам адам жұмылдырылған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың Волонтер жылы деп жариялаған болатын.