Бір отбасының жеті жыл армандап, несиеге алған үйі жанып кетті (фото, видео)

0
2 161

Жаңа баспанаға үш ай бұрын ғана көшіп келген.


Бір отбасының жеті жыл армандап, несиеге алған үйі жанып кетті (фото, видео)

ERNUR.KZ. Ақтөбеде бір отбасы жаңа жыл күні далада қалды. Жеті жыл бойы баспаналы болуды армандап, үш ай бұрын ғана қоныс тойын тойлаған отбасы шырылдап жүр. Қаланың сыртындағы саяжайлардың бірінен несиеге алған баспанасы 31 желтоқсанда отқа оранған, деп жазады nur.kz.

"Жаңа жыл түні үйде болған болған жоқпыз. Отбасымызбен туыстарымыздың үйінде қарсы алуға кеткен едік. Түнде "үйлерің өртеніп жатыр" деген хабар келді. Біз барғанда өрт сөндіруші машина, полиция бәрі жүр екен. Жүгіріп, үйден құжаттарды алып үлгердік. Үйдің төбесі толығымен жанып кетті. Үй тұруға келмей қалды. Қазір апамның бір бөлмелі үйін бәріміз паналап отырмыз", - дейді Саламат Жетігенов.

Баспанасынан айрылған Саламат есімді азамат 27 жаста. Екі баласы бар. Жұбайы әне-міне үшінші баласын босанғалы отыр. Отызға толмаған отағасы анасы, ағасы, қарындасымен бірге жаңа баспанаға үш ай бұрын ғана көшіп келгенін айтты.

"Баспаналы болуды жеті жыл бойы армандадым. Үш ай бұрын ғана 2 млн теңге несие алып, саяжайдан баспаналы болдық. Айына 86 мың теңге несие төлеймін. Мынадай жағдай аяқ астынан болып тұр. Жеті адам босып жүрміз", - дейді Саламат.

Саламаттың телефоны: 8705 817 74 67

Карта нөмірі: 4405 6378 5502 6904 Алпысбай Бисенов

Есепшот Саламаттың бауырының атында.