Бір отбасының жоғалып кеткен үш баласы Алматы тауларынан табылды

0
394

Балаларды қала тұрғыны Ермек Шаншыбаев тауып алған. Ол балалардың жоғалып кеткені туралы ақпаратты WhatsApp хабарламалардың бірінен оқыған.


Бір отбасының жоғалып кеткен үш баласы Алматы тауларынан табылды

ERNUR.KZ. Белгісіз жағдайда жоғалып кеткен бір отбасының үш баласы Алматы тауларынан табылды, - деп жазады Tengrinews.kz.

Балаларды қала тұрғыны Ермек Шаншыбаев тауып алған. Ол балалардың жоғалып кеткені туралы ақпаратты WhatsApp хабарламалардың бірінен оқыған. Ер адам табылған балаларды видеоға түсіріп, чаттарға жіберген.

"Міне, бір қыз бен екі ұл. Олар тауда адасып кеткен екен. Түнде ит қуды дейді. Түні бойы қашып, таудан түсіп кеткен. Барлық чаттарға жіберіңіздер", - дейді Шаншыбаев видеода.

Tengrinews.kz тілшісімен сұхбатында ол балалар көршісінің үйінде түнеп шыққанын айтты.

"Таңертең малды жайлауға шығардым. Содан көршінің үйіндегі балаларды көрдім. Оларды алып, қазір ата-анасына тапсырғалы жатырмын", - деп қосты ер адам.