Бір өзі бір институттың шаруасын жасап кеткен ғұлама ғалым еді

0
2 246

Ол кісінің тіл туралы айтқан әрбір сөзі цитата. Бірақ қазір бізге керегі мына сөзі: "Тілдің міндеті - ақылдың аңдауын аңдағанша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түйгенін түйгенінше айтуға жарау" депті.


Бір өзі бір институттың шаруасын жасап кеткен ғұлама ғалым еді

Қазақстан халқының тілдері күні ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен сәйкес келіп отыр. Сондықтан бұл еліміз үшін қуанышты жағдай. Бұл жайында А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, филология ғылымдарының докторы Ерден Қажыбек тілдер күніне арналған конференция барысында айтты. Осыған орай ERNUR.KZ тілшісі ғұлама ғалым, қайраткер бабамыз туралы әлеуметтік желілердегі ең тұшымды деген жазбаларға шолу жасап, соның ішінде 31 арна тілшісі Бану Даулетбаеваның мына жазбасын назарларыңызға ұсынғанды жөн көрдік.

"Рәбиға Сыздықова айтпақшы "бір өзі бір институттың шаруасын жасап кеткен" ғұлама ғалым, нағыз зиялы, нағыз ақсүйек данышпан болды.

Ол кісінің тіл туралы айтқан әрбір сөзі цитата. Бірақ қазір бізге керегі мына сөзі: "Тілдің міндеті - ақылдың аңдауын аңдағанша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түйгенін түйгенінше айтуға жарау" депті. ... Жас кезімізде "Тіл – ойды жеткізу құралы" деп оқыдық. Бірақ қазір тіл - ойдағыны білдірмеу құралы болып барады. Не ойлайтыныңды жасырып қалу үшін өтірік сөздер сөйлейміз. Халқым деп жанын салып, "Қайтсем қазақ сауатты болады, қайтсем қазақтың тілі тіл боп тұрады, қайтсем оның ғылымы дамиды" деп жарғақ құлағы жастыққа тимеген асыл азамат ішкі даналық пен қатар сыртқы сымбатқа да бай еді.

"Біз де тіліміз бұзылмай сақталуын тілесек, өзгелерше әуелі ана тілімізбен оқытып, сонан соң басқаша оқытуға тиіспіз" деді ол. Әншейінде өзгелерге еліктегіш біздер бұл мәселеге, тіл мәселесіне келгенде өзгеден үлгі алуды үйрене алмадық. Ахмет Байтұрсынов жасаған тіл емлесін бүкіл ел болып жасай алмай отырмыз. Латын қарпіне көшеміз дейміз, бірақ оның нақты бір шешіміне келе алмай, тіліміздің табиғатын сақтайтын нұсқасын жасай алмай отырмыз"...