Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 21 адам қайтыс болды

0
260

Пандемия басталғалы 4 076 адам коронавирустан, 3 389 адам коронавирус белігері бар пневмониядан қайтыс болды.


Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 21 адам қайтыс болды

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 21 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның ішінде 19 адам коронавирустан, екі адам коронавирус белгілері бар пневмониядан қайтыс болды.

Айта кетейік, пандемия басталғалы 4 076 адам коронавирустан, 3 389 адам коронавирус белігері бар пневмониядан қайтыс болды.

Ал індет тарағалы елде 395 064 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, 55 804 адам пневмонияға шалдықты.

7 маусымдағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 24 600 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 8 724 пациент стационарда, 15 876 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Жалпы науқастар арасында 579 адамның жағдайы ауыр, 120 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. 78 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.