Бір топ адам Қорғастағы қойманың быт-шытын шығарды

0
1 032

Бұл қоймада кедендік тексеру залында қараусыз қалған тауарлар сақталады екен.


Бір топ адам Қорғастағы қойманың быт-шытын шығарды

ERNUR.KZ. "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығындағы қоймаға ел лап қойып, бұзып ішіндегісін қас-қағым сәтте тып-типыл етті, деп жазады Zakon.kz.

Бұл оқыс оқиғаның видеосы Instagram-дағы angry_taldyk парақшасында жарияланды.

Жазбада кедендік тексеру залында қараусыз қалған тауарлар осы қоймаға жеткізілгені айтылады.

"Видеодан адам биіктігіндей болатын қаңылтыр қоршаумен қоршалған қойманы көруге болады. Қақпаның сыртында құлып тұр. Бұл араға бірінен соң бірі «несун» деген атпен танылған біреудің тауарын жеткізгіштер жиналуда. Адамдар қақпаны күшпен ашуға тырысуда. Оларға тағы жиырма адам келіп жетті, арасында балалар да бар. Ал қоршаудың арғы жағында күзетшілер мен полиция қақпаны итеріп, оларға тойтарыс беруде. Бірақ екі тараптың күші тең емес. Ақыры лық күшке шыдамаған қақпа шалқасынан түседі. Ішке лап қойған адамдар қас-қағым сәтте ол араны тып-типыл етті, - делінеді парақшадағы жазбада.

Алматы облысының полициясы бұл оқиғаны растады.

- Факт ресми түрде тіркелді, оған сәйкес қажетті шаралар қабылдануда. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері мен прокурорлар түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жағдай белгілі бір деңгейде шешілді. Осы оқиғаға қатысушылар қолданыстағы заңнамаға сәйкес қжауапқа тартылатын болады, - деп түсіндірді полиция департаментіндегілер.