Бір үйде үш әйелді пышақтап кетті

0
3 037

Алматы облысында үш әйелдің мүрдесі жер үйлердің бірінен табылды. Оқиға Жамбыл ауданындағы Ұзынағаш ауылында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Бір үйде үш әйелді пышақтап кетті

Алматы облысында үш әйелдің мүрдесі жер үйлердің бірінен табылды. Оқиға Жамбыл ауданындағы Ұзынағаш ауылында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Марқұм болған жандар бір отбасының мүшелері. 1930 жылғы кейуана, оның 1967 жылғы қызы және 1994 жылғы жиені бірнеше жерлерінен пышақ жарақатынан көз жұмған. Алдын ала мәлімет бойынша, 24 жастағы қыз жігітімен сөзге келіп қалған. 22 жастағы жігіт соңында бір отбасының үш мүшесін пышақтап, өлтіріп кеткен. Артынша 1996 жылғы жігіт өзін де бірнеше пышақтаған. Күдікті дәрігерлердің көмегіне жүгінген.