​Бірінші сынып оқушысы менингит жұқтырды деген диагнозбен ауруханаға түсті

0
1 229

Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді


​Бірінші сынып оқушысы менингит жұқтырды деген диагнозбен ауруханаға түсті

ERNUR.KZ. Астанада Халықаралық мектептің бірінші сынып оқушысы алдын ала болжам бойынша менингит вирусын жұқтырды деген диагнозбен ауруханаға түсті. Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.

Оқиға 2018 жылы 12 қазанда болды.

"Оқушы балалар жұқпалы ауруханасында жатыр, симптомдық ем қабылдап жатыр. Жағдайы қанағаттанарлық, дене қызу бір қалыпты", - деді Байғабылов.

Оның мәліметінше, ауруханаға түскен оқушының сыныбында профилактикалық шара жүргізіліп жатыр.

"Ереже бойынша, менингит вирусы болжанған. Дүрлігуге және байбалам салуға еш негіз жоқ", - деді ол қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы.