Бірнеше километрге созылған кептеліс: Алматыда блокбекет маңында жиналған жұрт видеоға түсірілді

0
678

Алматы полициясы департаментінің баспасөз қызметі видеоға қатысты түсініктеме берді.


Бірнеше километрге созылған кептеліс: Алматыда блокбекет маңында жиналған жұрт видеоға түсірілді

ERNUR.KZ. Желіде "Алтын Орда" базарының маңындағы блокбекетте түсірілген видео пайда болды. Кадрына қарағанда, Алматы облысының тұрғындары қалаға кірер алдында төтенше жағдай режимін алып тастаудың алғашқы күні карантин жарияланған Алматыға кіргісі келген, деп жазады Tengrinews.kz.

Видео Instagram-да dorogi_almaty_official паблигінде пайда болды.


Алматы полициясы департаментінің баспасөз қызметі роликке қатысты түсініктеме берді.

"Алтын Орда" базарының жанындағы блокбекетте таңертең адам көп жиналған. Қоғамдық тәртіп бұзылмады. Адамдарға қаланың периметрі бойынша 27 блокбекеттер бұрынғы тәртіпте жұмыс істейтінін түсіндірді. Карантин жарияланған Алматы шекарасы жабық. Қазір блокбекеттегі жағдай тұрақты. Азаматтарды тек ресми ақпаратты басшылыққа алуға шақырамыз", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Еске салайық, 11 мамырдан бастап Қазақстанда ТЖ режимі алып тасталды, алайда карантин шаралары сақталады.