Біртанов алматылық дәрігерлер ісінде "дәрігер қатесін" жоққа шығармады

0
876

Алматы қаласының № 4 клиникалық ауруханасының бас дәрігері Қанат Тезекбаевты 20 қыркүйекте ұстаған.


Біртанов алматылық дәрігерлер ісінде

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматы қалалық полиция басшысы Серік Күдебаевтың ұлы - Нұрсұлтанның өліміне қатысты "дәрігер қатесін" жоққа шығармады, алайда медицина саласының мамандарын қамауға алынғанына наразылық білдіргендерге қосылады" - деп жазады tengrinews.kz.

Біртанов қазіргі уақытта заңнамаға жүгіну керектігін айтты. Оның айтуынша, дәрігердің кәсіби міндеттерін орындамауына байланысты қылмыстық іс қозғалған уақытта қажетті механизмдер бар екен.

"Бұл тергеу заңнама талаптарына толық сәйкес жүргізілуі тиіс, толыққанды сараптама қажет және себеп-салдары анықталуы тиіс: қателіктер болды ма немесе дәрігер кәсіби міндеттерді жеткіліксіз орындады ма? Егер мұндай жағдай болса оны адам өліміне алып келгенін анықтау керек", - деді министр.

Осы жағдайда, оның айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігінің тергеу шараларын жүргізуге құзіретінде еместігін айтты.

"Медициналық қызметкерлер тарапынан бұлтартпау шарасының тағайындалуына байланысты түсініспеушіліктер мен наразылықтары бар, мен оны жақсы түсінемін. Мұндай бұлтартпау шарасын тағайындаудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Дәрігерлер жұмыс істеуді жалғастыруы тиіс, олар өз істерінің маманы. Мемлекет басшысының осы жағдайға қатысты әрекет еткеніне қуаныштымыз. Меніңше, тергеу шараларын эмоциясыз жалғастыру керек деген ойдамын. Егер кінәсі расталса, сот шешім шығаратын болады", - деді Біртанов.


Алматы қаласының № 4 клиникалық ауруханасының бас дәрігері Қанат Тезекбаевты 20 қыркүйекте ұстаған. Сондай-ақ, анестезиолог Асқар Тұңғышбаев қамауға алынған болатын.

Бұл жағдай Алматы қалалық полиция басшысы Серік Күдебаевтың ұлы Нұрсұлтанның өлімінен кейін болған. Ер адам квадроциклмен жол апатына ұшыраған. Кейінірек ол Германиядағы жеке килникада қайтыс болды.