Біртанов: Коронавирус жұқтырған екі адамның бірі Сеулден ұшып келген

0
650

Сеулдан келген азамат 130 жолаушымен бірге келген.


Біртанов: Коронавирус жұқтырған екі адамның бірі Сеулден ұшып келген

ERNUR.KZ. Қазақстанда коронавирус жұқтырған адамдардың бірі Сеулден ұшып келген, деп жазады ҚазАқпарат.

«Бүгінгі таңда қосымша тағы екі адам тіркелді. Бірінші науқас - әйел адам. Біздің инфекциялық стационарда оқшаулауда жатқан пациент. Бұрын күйеуінде диагноз анықталып, жақын байланыстағы адам ретінде оқшаулауда жатқан. Қосымша диагностиканың нәтижесінде коронавирус инфекциясы анықталды. Оның отбасындағы жақындарының бәрі оқшаулауда», - деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Министр екінші адам ер кісі екенін, кеше «Сеул-Алматы» ұшағымен келгенін атап өтті.

«Ұшақтан келген 130 жолаушының ішінде трансфермен кеткені бар. Бәрі де 100 пайыз инфекциялық ауруханаға және стационарға жатқызылды. Сонымен қалаға ешкім кірген жоқ. Ішінде бір пациентті анықтадық», - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда тағы екі адамнан коронавирус табылғаны туралы хабарлаған болатынбыз.