Біржолғы зейнетақы төлемін жұбайыңыз бен туғандарыңызға бере аласыз

0
2 228

​Ислам банкінен үй алуға да біржолғы зейнетақы төлемін пайдалануға болады.


Біржолғы зейнетақы төлемін жұбайыңыз бен туғандарыңызға бере аласыз

ERNUR.KZ. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға пайдалану қағидалары туралы бұйрық жариялады, деп жазады inbusiness.kz.

Аталмыш бұйрықта бірыңғай төлемді бір некедегі жұбыңыз бен ет жақын туыстарға беруге болатыны көрсетілген. «Жақын туыс» санатына кімдер жататыны да айқындалған.

Олар – ата-ана, туған немесе асырап алған балалар, асырап алушылар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілер мен апа-сіңлілер, ата мен әже және немерелер. Осы санаттағы тұлғалар бір-бірінің зейнетақы төлемін пайдалану үшін жеке кабинетте өзара келісімді рәсімдеуі керек.

Бұл келісімдер ЭЦҚ арқылы электронды негізде немесе Үкімет белгілеген оператордың электронды құралдары арқылы туыстық немесе неке қатынасын растайтын құжаттарды көрсете отырып жасалады.

Сонымен бірыңғай зейнетақы төлемдерін мынадай шарттар бойынша пайдалануға рұқсат етіліп отыр:

1. Тұрғын үйді алу-сату, жекешелендіру, бөліп төлеу, айырбастау шарттары бойынша, үлестік кепілдік шарттары бойынша тұрғын үйді мешікке рәсімдеу, көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесті беру туралы шарт жасасқанда, жер үй немесе қосалқы шаруашылық салу үшін жер телімін сатып алған кезде;

2. Ипотекалық қарызды қайта қаржыландыру үшін бастапқы жарна енгізу, бір банктен ғана ипотека рәсімдеу, бір банктен ғана алынған ипотека берешегін толық немесе ішінара өтеу үшін, осы шарттармен алынған үйді жөндеуге;

3. Ислам банкі арқылы үй сатып алу және ол қарызды толық немесе ішінара өтеу;

4. Кейін сатып алу құқығымен ұзақ жылға жалға алынған үйдің қарыздарын өтеу;

5. Ипотекалық қарызды қайта қаржыландыру. Есіңізде болсын! Меншігіңізде басқа үйдің болуы біржолғы зейнетақы төлемін жоғарыда көрсетілген 5 шарт бойынша пайдалануға кедергі бола алмайды. Сізге зейнатқы шотыңыздағы «артылған» қаражатты қолыңызға ешкім шешіп бермейді.

Яғни, төлем арнайы шоттан банк шотына аудару арқылы жасалады. Ет жақын туыстар мен ерлі зайыптылардың арасында тұрғын үй сатып алу келісімі жасалса, оған зейнетақы шотындағы ақшаны пайдалануға жол берілмейді.

Аталған төлемнің мақсатына сай жұмсалуын «Отбасы банк» қадағалайды. Сондықтан төлемді рәсімдеуге қажетті құжаттардың тізбесін де осы ұйым бекітеді.

Біржолғы зейнетақы төлемін пайдалана отырып сатып алынған үйіңіздің берешек мерзімі 5 жылдан артық болса, қарыз толық өтелгенше сата алмайсыз. Мұндай құқық сіздің меншігіңіздегі үйді кепілге ұстап отырған ұйымға ғана берілуі мүмкін. Бұдан басқа жағдайларда сату мүмкіндігі сот шешімі арқылы ғана беріледі.