Биыл 172 мың түлек мектеп бітіреді

0
520

«Алтын белгіге» үміткерлер саны 6,8 мыңды құрайды.


Биыл 172 мың түлек мектеп бітіреді

ERNUR.KZ. Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Биылдың жаңалығы елімізде оқу жылы 36 аптаға дейін ұзартылды. Осыған сәйкес оқу жылы 31 мамырда аяқталады. Егер әлемдік тәжірибеге назар аударсақ, ОЭСР елдерінде оқу жылы 40 аптаны құрайды.Осыған орай, әлем оқушылары жазғы каникулда 77 күн ғана демалса, еліміздің оқушылары үшін 13 апта немесе 90 күн демалыс белгіленген», - деді ол.

Министр атағандай, оқу жылы Қазақстан мектептерінің 3,7 млн астам оқушысы үшін аяқталады.

«11-сыныпты – 172 мың түлек бітіреді, оның ішінде «Алтын белгіге» үміткерлердің саны - 6,8 мың.Оқу жылының аяқталуы бойынша салтанатты іс-шараны 1 маусымда – Балаларды қорғау күнін мерекелеу аясында өткізу жоспарланған.Аттестаттарды салтанатты табыстау 20-22 маусым аралығында өтеді.Қорытынды емтихандар 9-сыныптарда 4 пәннен 2-13-ші маусым аралығында, ал 11-сынып түлектері үшін 5 пәннен маусымның 5-і мен 19-ы аралығында өтеді», - деді Ғани Бейсембаев.