Биыл 22 500 әлеуметтік баспана салынады

0
2 395

Тұрғын үй құрылысына инвестициялар 2019 жылғымен салыстырғанда 33,6 пайызға өсіп, 2 трлн теңгені құрады.


Биыл 22 500 әлеуметтік баспана салынады

ERNUR.KZ. Тұрғындарға 8 800 жеңілдетілген тұрғын үй қарызы берілмек. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі биыл 163 мың тұрғынжай салуды жоспарлап отыр, деп жазады inbusiness.kz.

Үкімет отырысында тұрғын үй саясатының жаңа тәсілдері туралы баяндаған министр Бейбіт Атамқұлов осындай мәлімет айтты.

«2020 жылы республика бойынша 15 млн 300 мың шаршы метр тұрғын үй салынды. 140 мыңнан астам тұрғынжай пайдалануға берілді. Тұрғын үй құрылысына инвестициялар 2019 жылғымен салыстырғанда 33,6 пайызға өсіп, 2 трлн теңгені құрады. Мемлекеттік қаражаттың 1 теңгесіне 5 теңге жеке инвестициялар тартылды. 38 400 отбасына мемлекеттік қолдау көрсетілді. Оның ішінде 28 әлеуеметтік тұғын үй түрінде және 10 400 жеңілдетілген займдар берілді», - деген ведомство басшысы биылғы жоспарға да тоқталды.

«Биыл қаржыландырудың барлық көздерінен 17 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Бұл – 163 мың тұрғынжай. Мемлекеттік нвестициялар есебінен кезекте тұрған 31 300 адамды қолдаумен қамту жоспарлануда. 22 500 әлеуметтік тұрғынжай салынып, сатып алынады және кезекте тұрғандарға 8 800 жеңілдетілген қарыздар беріледі», - деді министр.