Биыл елде туристер саны бірнеше есе өскен

0
423

Шілде айында Бурабайдағы туристер саны шамамен 2 есеге өсіп, 550 мың адамға жетті (2021 жылы – 300 мың адам).


Биыл елде туристер саны бірнеше есе өскен

ERNUR.KZ. Бұл туралы Үкіметте туристердің жазғы демалыс мәселелері бойынша өткен кеңесте айтылды, деп жазады inbusiness.kz.

Шілде айында Бурабайдағы туристер саны шамамен 2 есеге өсіп, 550 мың адамға жетті (2021 жылы – 300 мың адам).

І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Алматы тау кластерінің ұлттық парктеріне келушілер саны 50%-ға артқан.

Сондай-ақ, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда "Шымбұлақ" тау курорты туристерінің саны екі есеге өскен.