​Биыл Қазақстанның барлық өңірінде «қоғамдық бақылау картасы» енгізіледі

0
5 681

Қоғамдық карта мемлекеттікоргандар қызметін тексеру ғана емес, сонымен бірге мемлекеттік сатып алуларға қатысатын бизнестің бюджет қаражатын тиімді игеруіне мониторинг жасау мүмкіншілігі.


​Биыл Қазақстанның барлық өңірінде «қоғамдық бақылау картасы» енгізіледі

ERNUR.KZ. Биыл Қазақстанның барлық өңірінде «қоғамдық бақылау картасы» енгізіледі. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев айтты, деп жазады ҚазАқпарат .

«Қоғамдық бақылау картасы» азаматтардың белсенділігін арттырудың жаңа құралына айналып, жемқорлық тәуекелдерді төмендетуге және жергілікті жерлерде мемлекеттік органдар жұмысының сапасын арттыруға септігін тигізіп отыр.Азаматтардың өтінімімен 2 мыңнан астам мәселе шешіліп, мемлекеттік сатып алуларды жүргізу, жер учаскелерін бөлу барысындағы асыра пайдалу мүмкіншілігін алдын алды», - деді агенттік басшысы Кәсіпкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылы жөніндегі ІІІ республикалық форумда.

Осы ретте, ол цифрлық жемқорлыққа қарсы құралдардың басымдығы ескеріліп, Нидерланды елшілігі мен Қазақстандағы Парламентаризмді дамыту қорының қолдауымен «Астана қалалық қоғамдық бақылаудың интерактивті картасы» іске қосылғанын айтты. Карта шынайы уақыт режимінде Астана қаласының құрылыс, жөндеу және әлеуметтік нысандарды күтіп ұстауға бөлген жалпы сомасы 150 млрд теңгеден асатын бюджет қаражаты туралы ақпаратты еркін алуға мүмкіндік береді.

«Кез келген адам тәулігіне 24 сағат бойы аталған процесті бақылап, оларды құжаттамалармен салыстыра алады. Бұл мемлекеттікоргандар қызметін тексеру ғана емес, сонымен бірге мемлекеттік сатып алуларға қатысатын бизнестің бюджет қаражатын тиімді игеруіне мониторинг жасау мүмкіншілігі де. 2019 жылы ол Қазақстанның барлық өңірінде іске қосылатын болады», - деді Алиек Шпекбаев.