​Биыл мектептерде соңғы қоңырау шарасы болмайды

0
1 237

Қорытынды аттестация да болмайды.


​Биыл мектептерде соңғы қоңырау шарасы болмайды

ERNUR.KZ. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова айтты, деп хабарлайды Қазақстан арнасы.

«Биыл қорытынды аттестация болмайды. 9-11 сынып оқушылары қорытынды аттестация емтиханынан босатылды. Ағымдағы бағалар негізінде жылдық баға шығарылады. Бұл баға аттестатқа қойылады. Ал соңғы қоңырау мәселесіне келер болсақ, бұл – оқу жылы аяқталған кезде өтетін салтанатты шара. Бүгінгі қашықтан оқыту жағдайында мұндай шара болмайды», - деді вице-министр.