Биыл Нұр-Сұлтан - Токио тікелей әуе рейсі ашылады

0
869

2023 жылға қарай «Fly Arystan» әуе компаниясының маршруттық желілер санын 54-ке дейін арттыру жоспарланған.


Биыл Нұр-Сұлтан - Токио тікелей әуе рейсі ашылады

ERNUR.KZ. Бүгінде Нұр-Сұлтан-Токио тікелей әуе рейсін ашуға қатысты жұмыстар жүріп жатыр, деп жазады Елорда Инфо.

«Министрлік «Эйр Астана» авиакомпаниясымен бірлесіп елорданың көліктік қолжетімділігін арттыру және Токиода, Нью-Йорк, Шанхай және әлемнің басқа да ірі қалаларына тікелей әуе рейстерін ашу жөнінде белсенді жұмыс жүргізуде. Ағымдағы жылдың ІІ жарты жылдығында Нұр-Сұлтан-Токио тікелей әуе рейсін ашу жоспарлануда», - деп жазылған министрліктің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында.

Министрліктің мәліметіне сүйенсек, 2023 жылға қарай «Fly Arystan» әуе компаниясының маршруттық желілер санын 54-ке дейін арттыру жоспарлануда. Бүгінгі күні ұшу тек 6 бағыт бойынша жүзеге асырылуда.