Биыл жарты жылда 44 мың адам ауылдан көшіп кеткен

0
1 432

Елімізде ауылдық елді-мекендерді қолдау мақсатында бірқатар мемлекеттік бағдарлама қабылданып, іске асып жатыр


Биыл жарты жылда 44 мың адам ауылдан көшіп кеткен

ERNUR.KZ. ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі Сəкен Қалқаманов 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында 44 мың адам ауылдан көшіп кеткенін айтты, деп жазады Baq.kz.

"Astana AgroForum 2018" шарасында Сəкен Қалқаманов елімізде ауылдық елді-мекендерді қолдау мақсатында бірқатар мемлекеттік бағдарлама қабылданып, іске асып жатқанын айтты.

"Соған қарамастан ауылдық елді-мекендерде жағдай келесідей: 2017 жылы 49 мың 795 адам ауылдан көшіп кеткен. Бұл қазіргі ресми статистика. 2016 жылы 84 мың адам ауылдан кетсе, 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында ғана 44 мың адам көшкен. Ауыл мектептері түлектерінің арасында "ауыл - болашағы жоқ қарапайым өмір ғана" деген ой қалыптасқан. Олар қалаға кетеді, бірақ жастарды онда ешкім күтпейді. Осы стереотипті жою үшін "ауылда өмір сүру қаладан кем еместігін" түсінуге көмектесетін жүйелі, салааралық шешім керек", - деді Қалқаманов.

Оның айтуынша, өкінішке қарай, қазір жастар отандық ауыл шаруашылығында жаңашылдық пен прогресс көрмей отыр.

"Бұл үшін біз - азаматтық қоғам, агробизнес пен мемлекет оңай, сонымен бірге күрделі қадам жасауымыз керек. Біз ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек адамының беделі мен əлеуметтік мәртебесін көтеруіміз қажет. Сəйкесінше, "ауыл жұмыскерінің еңбегі қалалықтың еңбегінен де маңызды" деген идеяны тұрақты түрде насихаттауымыз керек", - деді Сəкен Қалқаманов.