Биылдан бастап қазақстандықтардың шетелдегі шоттары тексеріледі

0
2 430

Осы жылдан бастап қаржы министрлігі 100-ден аса елде қазақстандықтардың есепшотын іздей бастайды.


Биылдан бастап қазақстандықтардың шетелдегі шоттары тексеріледі

ERNUR.KZ. Бұл туралы ведомство басшысы Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

Министр капиталды шетелге шығаруға және экономиканы деофшоризациялауға қарсы іс-қимыл бойынша кешенді жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Айтуынша, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы және Халықаралық қаржы ұйымдарымен мәліметтерді электрондық алмасу аясында көпжақты Конвенцияға қол қойылды.

"Осы жылдан бастап біздің азаматтарымыздың 100-ден астам юрисдикцияда қаржылық шоты бойынша ақпарат алмасу басталады", - деді Жамаубаев үкімет отырысында.

Сондай-ақ, министрлік трансшекаралық сауданы бақылау мақсатында тауарларды дұрыс декларацияламағаны үшін кеден саласындағы әкімшілік жауапкершілікті күшейтуді ұсынды.

Бұл кеден саласындағы құқық бұзушылықтардың санын қысқартуға мүмкіндік береді, деп санайды Жамаубаев.