​Биылғы Рамазан айына пітір садақа мөлшері белгілі болды

0
2 403

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы келе жатқан қасиетті Рамазан айында пітір садақа мөлшерін бекітті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.


​Биылғы Рамазан айына пітір садақа мөлшері белгілі болды

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы келе жатқан қасиетті Рамазан айында пітір садақа мөлшерін бекітті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ Sputnik Казахстан-ға сілтеме жасап.

Биыл садақа мөлшері өзгермейді, 300 теңге болады. Ислам дінінің қағидасына сәйкес әрбір мұсылман өзі, балалары және қарамағындағылар үшін пітір беруі парыз.

Басылым мәліметінше, өткен жылы да пітір садақа мөлшері 300 теңге болған. Пітір садақаны Рамазан айы аяқталғанға дейін беруге болады. Садақаның мөлшері ұн бағасымен бірге есептелінеді. Қасиетті Рамазан айы биыл 16 мамырда басталады.