Біз, өкінішке қарай, қазақстандық достарымыздан аздап қалып қойдық - Владимир Путин

0
799

Қазақстан Қытайға апаратын жолдың өздеріне тиесілі бөлігін салып бітірді.


Біз, өкінішке қарай, қазақстандық достарымыздан аздап қалып қойдық - Владимир Путин

ERNUR.KZ. Ресей президенті Владимир Путин Ресейдің Қытаймен, посткеңестік мемлекеттермен экономикалық байланысын кеңейтуге мүмкіндік беретін инфрақұрылым жеткіліксіз екенін мойындады. Мемлекет басшысы осы мәселені шешу қажет екенін атап өтті, деп жазады ҚазАқпарат.

Жыл сайынғы үлкен баспасөз конференциясында Путинге Самара облысындағы Еділ өзеніне салынып жатқан көпір туралы сұрақ қойылды.

«Бұл жоба мемлекетаралық ынтымақтастықты нығайтуда маңызды рөл атқарады, өйткені Қытаймен арадағы тауар айналымы өсіп жатқанына қарамастан, біздің Кеңес одағындағы бұрынғы туысқан мемлекеттермен, қазіргі тәуелсіз елдермен арадағы тауар айналымы өте үлкен екеніне қарамастан, инфрақұрылым жеткілікті дамымай отырғаны анық», - деді РФ президенті.

«Біз өкінішке қарай, бұл жағынан қазақстандық достарымыздан кішкене қалып қойдық. Олар Қытайға апаратын жолдың өздеріне тиесілі бөлігін салып бітірді, біз жол салу жұмысын қолға алуға тиіспіз», - деп атап өтті мемлекет басшысы.

Ол бұл жұмыстың міндетті түрде іске асатынына сендірді.