«Біздің Дордойдан алынған заттар ғой»: Желіде қырғыздар қазақтардың құдалығын талқылап жатыр

0
723

​Қырғыздар аста-төк той жасайтын қазақтарды сынға алып, талқылап жатыр.


«Біздің Дордойдан алынған заттар ғой»: Желіде қырғыздар қазақтардың құдалығын талқылап жатыр

Әлеуметтік желілердің бірінде қырғыз қызы қазақ қызының артынан келген жасауын көріп, таңданыс білдіреді. Сондай-ақ, ол Қырғызстанда тұратын қазақ қызының сондай тойларға деген пікірін біліп, көпшіліктің талқысына салған, деп хабарлайды ERNUR.KZ Алматы арнасына сілтеме жасап.

«Мен қалыңдықтың артынан келген жасау туралы видеоны үйімдегі жиеніме қазақ қызына көрсетіп, «Сені де осылай тұрмысқа беремін» десем, ол «Құдай сақтасын, одан да тезірек Америкаға кетіп қалайын» деді. Осындай нәрселер дүниеқоңыздықтың жеткен жері ме? Әлде зеріккенде істейтін іс пе? «Мен қартайғанда зерігіп, сені сатып, қолыма алтын, гауһар тас тағып отырмаймын ба» деп күлдім. Қазақ қызына қазақтардың тойы ұнамайды екен. Ол «Мен акция сатып алғаным дұрыс, маған дүние-мүлік керек емес» деп отыр. Сатып алушы мен сатушылар (құда-құдағиларды айтады – ред.) бірімен бірі жарысып, ауыздары ашыла киініп алады, ой, тоба. «Әкпе, мен де сіздей болайын, бірақ мойныма материалдық дүние жинамай-ақ қояйын» дейді үйдегі қыз. Расымен, сен көп жылдар бойы барған үйіңнің есік алдын сыпырарсың, қызмет қыларсың. Бірақ мұндай комедиялардан аулақ жүруге болатын еркін жол да бар. Мықтылар мен күштілер өз өмірінде ақылы бәріне жетіп тұрса, тыныш өмір сүре алады», – деп жазды Падишахан Сұлтаналиева есімді желі қолданушы.


Бұл ақпаратты оқыған қырғызстандық оқырмандар әртүрлі пікір қалдырды. Бірі «той – қазына» деп жазса, бірі тойды дарақыланып жасауға қарсылығын білдірді.

«Өз өміріңді бастау үшін осыншама адамды арластырмай, тыныш өмір сүрген жақсы ғой. Әр нәрсеге бір әуре болып жүрсең, өмірің тез өтіп кетеді», «Біздің Дордойдан сатып алған заттар ғой», «Байғұс қазақ пен қырғыз шашылып той өткеріп жатса да, аяққа тұрмаймыз» дейді пікір білдірушілер.