​Бизнес өкiлдерi бос жерлердi «ашық карта» арқылы көре алады

0
1 297

Қазiргi таңда елiмiзде жердi тиiмдi пайдалануға үлкен көңiл бөлiнiп отыр.


​Бизнес өкiлдерi бос жерлердi «ашық карта» арқылы көре алады

Бизнес өкiлдерi үшiн бос жерлердi көруге мүмкiндiк беретiн «ашық карта» жүйесi құрылады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрi Ерлан Нысанбаев айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгiн Сенатта мемлекеттiк жер кадастрын, жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылау мәселелерi талқылануда. Жиынға сенаторлар, Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнiң басшылығы қатысып отыр.

«Қазiргi таңда бизнес өкiлдерi үшiн бос жерлердi көруге мүмкiндiк беретiн «ашық карта» жүйесiн құру жұмыстары қолға алынып жатыр. Айта кететiн жайт, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының жаңа бiрыңғай мемлекеттiк координаттар жүйесi жасалмақ. Және ол ашық түрде барлық субъектiге қолжетiмдi болады. Жаңа жүйеге барлық кадастрдың жер құқығы, су, орман, табиғи, қала құрылысы мен тағы да басқалар негiз болып табылады. Ол барлық саланың ашық ақпарат арқылы қызмет көрсетуi және мемлекеттiк органдардың салалық ақпараттық жүйелерiн бiрiктiруге мүмкiндiк бередi», - дедi Ерлан Нысанбаев.

Вице-министрдiң айтуынша, қазiргi таңда елiмiзде жердi тиiмдi пайдалануға үлкен көңiл бөлiнiп отыр. Мәселен, жуырда қабылданған жаңа заңға жер саласын реттеу бойынша бiрқатар өзгерiс енгiзiлген.