​БҚО-да 1800 студентке жатақхана жетіспейді

0
2 273

Бүгінгі күні 5 жатақханаға жер телімі берілді.


​БҚО-да 1800 студентке жатақхана жетіспейді

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында студенттер үшін 5 жатақхана салынады. Қазіргі уақытта өңірдегі 4 жоғары оқу орнында 30 811 студент оқып жатыр, деп жазады 24.kz.

Мұндағы аграрлық техникалық және инновациялық технологиялар университеті өз студенттерін толық қамтамасыз етіпті. Ал жоғары оқу орындарында оқитын 500 студент пен колледждерде білім алып жатқан 1300 шәкірт жатақханаға мұқтаж.

Аян Сакошев, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы:

- Негізгі мақсат – қалған 1800 адамға сұраныс болған жатақханлармен қамтамасыз ету. Бүгінгі күні 5 жатақханаға жер телімі берілді. Олардың жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалып, сараптамадан өтуде. Яғни бұл рәсімдер аяқталғаннан кейін қаржыландыру көздері шешіліп, құрылыс басталады.