БҚО-да 4 оқушы коронавирус жұқтырды

0
561

Індет жұқтырған оқушылардың екеуі бір отбасынан.


БҚО-да 4 оқушы коронавирус жұқтырды

ERNUR.KZ Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған 4 оқушы тіркелді, деп жазады ҚазАқпарат.

БҚО Білім басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 4 жағдайдың барлығы Орал қаласында анықталып отыр.

Соның ішінде екеуі бір отбасынан, олар Орал қаласындағы №9 орта мектептің кезекші бірінші және үшінші сыныптарында оқиды.

Қалған екеуі – қашықтан оқып жатқан дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы облыстық мектеп-интернаты кешені мен №9 орта мектептің 6-сынып оқушылары.


«Барлық төрт бала коронавирусты ата-аналары мен туыстарынан жұқтырған. Қазіргі уақытта оқушыларда клиникалық белгілер жоқ, амбулаторлық ем алуда», - деп хабарлады білім басқармасынан.


Еске салайық, кеше Денсаулық сақтау министрлігі елімізде бүгінге дейін кезекші сыныптарда білім алатын 36 оқушыдан, қашықтан оқитын 73 баладан коронавирус анықталғанын мәлім еткен еді.