БҚО-да 5 жасар бала тоңазытқыштың ішінде тұншығып көз жұмды

0
468

Баланың денесін 27 жастағы анасы тауып алған.


БҚО-да 5 жасар бала тоңазытқыштың ішінде тұншығып көз жұмды

ERNUR.KZ. БҚО-да 5 жасар бала ескі тоңазытқыштың ішінен шыға алмай, тұншығып көз жұмды, деп жазады tengrinews.kz.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қайғылы оқиға 8 тамызда Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданында болған. Баланың денесін 27 жастағы анасы тауып алған.

Әйелдің айтуынша, оның кішкентай үш баласы көшеде ойнап жүрген. Кешке қарай анасы балаларын үйге шақырғанда, екеуі ғана келген. Әйел кенже ұлын төңіректен бір сағат бойы іздеп таба алмаған. Тек үйінің ауласына кірген қайта кірген кезде аулада тұрған ескі тоңазытқышты қарайды. Баланың денесі сол тоңазытқыштың ішінен табылған.

Жас ана жедел жәрдем шақырғанымен, дәрігерлер сәбидің көз жұмғанын айтқан. Медициналық сараптама қорытындысы бойынша, оның өліміне "тыныс алу жолдарының аспирациясынан туындаған механикалық асфиксия" себеп болғаны анықталды.

"Тоңазытқыш есігіндегі металл тұтқаның автоматты құлыптау жүйесі болған. Есікті итергенде құлыпталып қалады. Тоңазытқыштың тұтқасын сыртынан тартқанда ғана ашылады, ал ішінен ашу мүмкін емес", - деп түсіндірді полиция өкілдері.

Аталған дерек жазатайым болған қайғылы оқиға ретінде тіркелді.